Accessibility links

Сирияда мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты


Жұма күні Сирияда мыңдаған адам шеруге шығып, президент Башар әл-Асад режимінің аяқталуын талап етті.

Куәгерлердің айтуынша, Сирия қауіпсіздік күштері Дамаск шетіндегі жүздеген наразылық танытушыларға оқ атқан. Сонымен қатар қауіпсіздік күштері адам құқықтарын қорғаушы танымал диссидент Риад Сейфті қамауға алған. Бұған қоса, жұма күні Хомс пен Хама қалаларындағы шерулер барысында 5 адам мерт болды деп хабарланып отыр.

Бейсенбі күні Сирия армиясы үкіметке қарсы шерулер басталған Дераа қаласынан сарбаздарын шығара бастағанын хабарлаған еді. Алайда тұрғындардың айтуынша, қалада танктер мен әскерилер әлі де бар. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда қауіпсіздік күштері 560-тан астам адамды өлтіріп, мыңдаған адамды жаралаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG