Accessibility links

Обама: Әл-Қаиданың басы бин Ладеннің өлімімен бірге кетті


АҚШ президенті Барак Обама Усама бин Ладенді өлтіру арқылы Құрама Штаттар әл-Қаида террорлық ұйымының басын да алып тастады деп мәлімдеді.

Обама Америка исламистик топтарды жеңу жолында келеді деді. Бұл туралы АҚШ президенті жұма күні Кентаки штатындағы әскери базада сөйлеген сөзінде айтты. Ол бұл жерге Пәкістанда бин Ладенді өлтірген АҚШ операциясына қатысқан америкалық жасақтарды құттықтауға барған.

Барак Обама жұмыс жақсы орындалды дей келе, 11-ші қыркүйек шабуылдары үшін жауапты болған содырлар жетекшісі енді Америкаға қауіп төндірмейді деді.
XS
SM
MD
LG