Accessibility links

Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан бірлескен жаттығулар жүргізді


Орталық Азияның екі елі Қырғызстан мен Тәжікстан әскерилері Қытайдың Шыңжаң аймағында бірлескен әскери жаттығуларын өткізді.

Синьхуа агенттігінің сенбі күні хабарлауынша, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстанның қауіпсіздік күштері жұма күні терроризмге қарсы жаттығулар өткізді.

Қытай Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік ынтымақтастығын дамытуды көздеп, 2009 жылы көтерілген Шығыс Түркістандағы мұсылман жікшілердері аймағына баса назар аударып келеді. 2006 жылы да Қытай Қазақстанмен осындай жаттығулар өткізген.

Шығыс Түркістандағы этникалық ұлттардың басым бөлігі ұйғырлар Қазақстан аймағында да тұрады. Шыңжаңдағы 20 миллион халықтың 40 пайызын ұйғырлар құрайды.
XS
SM
MD
LG