Accessibility links

Ливияның 800-ден аса босқыны Лампедузаға жетті


Италияның ақпарат құралдары хабарлағандай, қақтығыс жалғасып жатқан Ливияның 800-ден аса босқыны өткен түнде Лампедуза аралына барып жетті.

Италияның жағалаудағы сақшылар өкілі екі кемемен 842 ливиялық Италия аймағына келді деп айтты. Босқындардың жаңа легі шатырларға орналастырылған.

Жұма күні Италия Ливияның 1 мың босқынын Лампедузадан орталықтағы басқа лагерлерге ауыстырған.

Ливия тұрғындары үкіметтік күштер мен оппозициялық көтерілісшілер арасындағы қақтығыстан қорғанып, жақын елдерге босып кетіп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG