Accessibility links

Грекия евро зонадан шығуы мүмкін деген хабардан кейін евро түсіп кетті


Қарыз дағдарысына батқан Грекия евро валютасын пайдаланатын зонадан шығуы мүмкін деген хабардан кейін долларға шаққандағы евро бағасы төмендеп кетті.

Грекия мен Еуро зонаның ресми өкілдері Афины өзінің ұлттық валютасына қайта оралмақшы деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарды.

Грекия дағдарысына қатысты Еуропалық елдердің жиыны туралы жазған германиялық Der Spiegel басылымының хабарынан кейін жұма күні долларға қарсы евро бір пайыздай төмендеді.

Евро зона қаржы министрлерінің Люксембургтегі отырысына Германия, Франция, Италия және Испания елдерінің өкілдері қатысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG