Accessibility links

Сирия күштері Банияс қаласына кіргізілді


Сирияның үкіметтік күштері танкілермен өткен түнде Банияс қаласына басып кірді. Адам құқын қорғаушы топтардың айтуынша, әскери жасақтар үш бағытпен қалаға енген.

Сирия президенті Башар әл-Ассадтың билігіне наразылық танытушылар бекінген жерорта теңізі жағалауына танкілер кіргенде, байланыс пен электр желісі үзілген.

Бұл тұста Ақ үй егер Сирия қауіпсіздік күштері елде реформа жасауды талап еткен бейбіт халықты өлтіргенін тоқтатпаса, АҚШ пен оның халықаралық одақтастары Сирия режиміне қарсы әрекеттерге барады деп ескертті.

Адам құқын қорғаушы белсенділердің хабарына қарағанда, үкімет күштерінің шабуылынан 580-нен аса адам өліп, мыңдаған адам жараланды. Соңғы жеті аптада мыңдаған адам қамауға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG