Accessibility links

Ауғанстанда ұсталған АҚШ әскерінің әкесі Пәкістаннан көмек сұрады


Ауғанстандағы содырлардың қолына түскен америкалық сарбаздың әкесі видеожазба арқылы Пәкістанға қайрылып, баласын босатуға көмек беруді сұрады.

Жұма күні YouTube сайтына шыққан видеода Роберт Бергдал өз отбасы Пәкістанның қауіпсіздік күштерінің кәсіби бірлігіне сенім артып, баласы Воу Бергдалді аман-есен босатып алуға көмектесуді сұраған.

25 жастағы Боу Бергдал Ауғанстанда 2009 жылдың маусым айында талибандар қолына түскен, қазір оның қайда екені белгісіз.

Оның әкесі Пәкістан армиясының басшысы Ашфақ Парвез Каяниге, Пәкістан барлау қызметінің басшысы, генерал-лейтенант Ахмад Шуйа Пашаға тікелей қайрылған.

Ассошейтед пресс агенттігі жақында оның Ауғанстанның Пактика провинциясында Хаккани жетекшілерінің жанында тұрғанын көрсеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG