Accessibility links

Минск ресейлік бақылаушыларды елден шығарды


Беларусь оппозициясына қарсы өтіп жатқан сотқа қатысушы ресейлік құқық қорғаушы белсенділерді Минск елден шығарып отыр.

Беларусьтегі адам құқы жағдайын бақылаушы халықаралық комитеттің үш өкілі Минскіде жұма күні түнде ұсталған. Оларға 24 сағаттың ішінде елден шығу бұйырылған.

Олар Минскіде желтоқсанның 19-дағы сайлауда президент Александр Лукашенконың қайта сайлануына қарсылық танытып шеруге шыққаны үшін сотқа тартылған 16 оппозиция белсендісіне қарсы жүріп жатқан сот барысын бақылап отырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG