Accessibility links

Албанияда жергілікті сайлаулар өтіп жатыр


Албанияда екі жылдық саяси дағдарыстан кейінгі жергілікті сайлаулар басталды. Дауыс берулер қарсаңында көлік жарылысы болып, полиция қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Сайлау барысын бақылауға жергілікті және халықаралық 5 мыңдай бақылаушы қатысып жатыр. Бұл сайлауға дауыс беру құқы бар 3,1 миллион халық қатыса алады.

Бұл елде 2009 жылғы парламент сайлауынан кейін саяси дағдарыс орнап, осы жолғы дауыс берулер халықаралық назарда отыр.
XS
SM
MD
LG