Accessibility links

Қандағардағы үкіметтік үйлерге талибан шабуылдары болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы үкіметтік мекемелерге қарсы сенбі күні талибандар шабуылы болды.

Хабарларға қарағанда, қатарында кемінде бес жанкештісі бар талибан содырлары Қандағар қаласындағы әкімшілік ғимараттарға шабуылдады.

НАТО мен ауғандық әскерлердің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері жанкештілердің шабуылының алдын алды.

Оншақты шабуылдан бір полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Қақтығыста 6 талибан содыры өлген. Сонымен қатар 20 шақты адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG