Accessibility links

Тунисте тонаушылық әрекеттеріне қарсы комменданттық сағат енгізілді


Тунис үкіметі бірнеше күнге созылған елдегі қақтығыс пен талап-тонаушылықтан кейін өткен түнде ел астанасы аймағында комменданттық сағат тәртібін енгізді.

Елдің Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері бірлесіп таратқан мәлімдемеде, комменданттық сағат кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін дегенімен шектеудің қанша күнге дейін созылатыны айтылмаған.

Комменданттық тәртіп өткен түні бірнеше жастар тобы дүкендерді тонап, көліктерге өрт қойған соң енгізілді. Өткен аптада да полиция уақытша үкіметтің биліктен кетуін талап еткен шерушілерді көзден жас ағызатын оқпен таратқан.

Тунисті ұзақ жылдар басқарған Зин Абиддин бен Али қаңтар айында демократиялық өзгерістерді талап еткен шерулерден кейін биліктен құлатылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG