Accessibility links

Египетте жікшілдік қақтығысқа қатысты 190 адам тергеледі


Жексенбі күні Египеттің әскери жетекшілігі сенбі күнгі діни жікшілдік қақтығысына қатысты әскери сот 190 адамды тергейтін болады деді.

Каир қаласындағы азшылық христиандар мен мұсылмандар қақтығысы кемінде 9 адамның өмірін қиып, төтенше жиын өткізу үшін премьер-министр Парсы шығанағы елдеріне сапарын кейінге қалдырды.

Қақтығыс кезінде шіркеуге өрт қойылған. Сенбі күнгі қақтығыс жергілікті мұсылмандар шіркеуге барып, христиан дініне өткен әйелді талап еткен соң басталған. Имбаба ауданында болған қақтығыста екі тараптан да оқ атылған, полиция оларды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Египетте діни жікшілдер қақтығысы күшейіп, ақпан айында президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгеннен бері елде тұрақсыздық орнап тұр.
XS
SM
MD
LG