Accessibility links

Ауғанстанда үкіметтік күштер мен талибан жасақтары екінші күн соғысты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы үкіметтік мекемелерге қарсы сенбі күні басталған талибандар шабуылдары екінші күнге жалғасты.

НАТО мен ауғандық әскерлердің хабарлауынша, талибан содырлары жанкештілер мен бомбалық жарылыстар арқылы Қандағар қаласындағы әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады.

Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, қауіпсіздік күштерімен қақтығыста кемінде 12 талибан жауынгері өлген.

Оншақты шабуылдан бір полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Сонымен қатар 40 шақты адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG