Accessibility links

Пәкістан премьері бин Ладеннің өліміне қатысты парламентте сөйлейді


Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани парламентте халыққа жолдау жасамақшы.

Бұл үкімет басшысының Пәкістан аймағында жүргізілген АҚШ операциясында "әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладен өлтірілгеннен кейінгі халыққа жолдаған бірінші мәлімдемесі болады.

Жексенбі күні АҚШ президенті Барак Обама "Пәкістанның өз ішінде Усама бин Ладенді қолдайтын кейбір топтар болған сияқты" деді. Обама ол жайлы АҚШ пен Пәкістанның тергеу шараларынан кейін белгілі болатынын айтты.
XS
SM
MD
LG