Accessibility links

Египет сектанттық негіздегі қақтығыстан кейін қатаң шара қолданбақ


Египет әділет министрі "елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндерге билік орындары қатаң шара қолданады" деп ескертті.

Сенбі күні Каирде мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстарда 12 адам қаза тауып, 180-нен астам кісі жараланған болатын. Бұл - ақпан айында президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгелі бері елде болған сектанттық негіздегі ең ірі зорлық-зомбылық әрекеттері.

Билік орындарының айтуынша, қақтығыстардан кейін қамауға алынған 190 адам сотқа тартылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG