Accessibility links

Жапониядағы "Хамаока" АЭС уақытша жабылады


Жапонияның "Хамаока" атом электр станциясының операторы қауіпсіздік жағдайына қатысты үкіметтің ұсынысымен келісіп, жұмысын уақытша тоқтататын болды.

Жапон үкіметі наурыздың 11-індегі жер сілкінісі мен цунамиден "Фукусима Дайичи" ядролық кешені бұзылған соң, елдегі 54 реактордың қауіпсіздігін тексеріп шығуды сұраған.

"Хамаока" кешені Токиодан 200 шақырымдай жерде орналасқан. Ол елдің орталығына энергия қуатын беруші негізгі зауыт болып отыр. Жапон үкіметі "Хамаока" зауытындағы қауіпсіздік жағдайын жақсартуға екі жылдай уақыт кетуі мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG