Accessibility links

Пәкістан премьері лаңкестікпен күресетінін айтты


Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани бүгін парламентте халыққа жолдауын жариялап, «лаңкестікті жою - Пәкістанның миссиясы болып табылады» деп мәлімдеді.

Бұл үкімет басшысының Пәкістан аймағында жүргізілген АҚШ операциясында әл-Қаида жетекшісі Усама бин Ладен өлтірілгеннен кейінгі халыққа қайрылған бірінші мәлімдемесі еді. «Пәкістан өзінің егемендігін қорғау құқығын сақтайды» деген Гилани «біз әл-Қаиданы Пәкістанға шақырмадық» деп атап көрсетті.

Жексенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Пәкістанның өз ішінде бин Ладенді қолдайтын кейбір топтар болған сияқты деді. Обама ол жайлы АҚШ пен Пәкістанның тергеу шараларынан кейін анықталады деді.
XS
SM
MD
LG