Accessibility links

Франция президенті БҰҰ-ның есірткі тасымалымен күрес қорын құруға шақырды


Франция президенті Николя Саркози БҰҰ-ның аясында есірткі тасымалымен күресу үшін арнайы қор құруға шақырды.

Ол халықаралық қордың жұмысына есірткі саудагерлерінен тәркіленген ақшаны пайдалануға болады деген ұсыныс айтты.

Франция президенті бұл мәлімдемесін есірткі контрабандасына қарсы күрес тақырыбына Парижде басталған "Үлкен сегіздік" елдері министрлерінің кездесуінде жасады.

Николя Саркози Еуропада кокаин тұтынатындар саны соңғы он жылда екі есеге өсіп, бес миллионға тақағанын атап өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG