Accessibility links

Нальчикте пәтерге бекінген қарулы топ жойылды


Қабарда-Балқар республикасының орталығы Нальчик қаласында көпқабатты тұрғын үйдің пәтеріне бекінген қарулы бүлікшілердің көзі жойылды деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттіктері. Бірақ олардың қанша адам екендігі туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бүгін таңертең Нальчиктегі Кулиев даңғылы бойындағы үйлердің біріндегі пәтерге бекініп алған күдіктілер оларды қоршап алған құқық қызметкерлерімен атысып жатқаны туралы хабар тараған еді.

Құқық орындары қарулы қарсылық танытқандардың арасында бұған дейін жасалған бірнеше ауыр қылмысқа, соның ішінде былтыр желтоқсанда Қабарда-Балқар республикасының мүфтиін өлтіруге қатысқан күдікті де бар болуы мүмкін деген болжам айтады.
XS
SM
MD
LG