Accessibility links

Пәкістанда сот ғимараты жанындағы жарылыс екі адамды мерт қылды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Новшехр қаласында сот ғимараты алдында болған жарылыстан кемінде екі адам қаза болып, бірнеше кісі жараланған.

Полицияның хабарлауынша, полиция қызметкерлері куәгерлер ғимаратқа кіретін негізі есік алдына келген әйелдердің бірін тексермек болғанда бомба іске қосылған.

Жанкешті жарды ма, әлде жарылғыш зат жақын маңға қойылған ба - ол әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG