Accessibility links

Египеттің бұрынғы туризм министрі сотталды


Египеттің бұрынғы туризм министрі жемқорлық жасады деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Зухейр Гарранахқа "миллиондаған долларлық мемлекеттік жердің өте арзан бағаға сатылуына келісімін берді" деген айып тағылды. Гарранах - Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгелі бері түрмеге жабылған екінші бұрынғы министр. Өткен аптада Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі 12 жылға сотталған болатын.

Мүбәрәк режиміне қарсы елде жаппай шерулер өткізген наразылық танытушылар бұрынғы президент пен оның үкіметіндегілердің сотқа тартылуын талап еткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG