Accessibility links

Иран Бушер АЭС-інің бірінші реакторын іске қосып сынап көрді


Бушер атом электр станциясы. Иран, 26 қазан 2010 жыл.

Бушер атом электр станциясы. Иран, 26 қазан 2010 жыл.

Иран Ресейдің көмегімен салынған Бушер атом электр станциясында алғашқы реакторды іске қосып сынап көрді.

Ресейдің «Атомстройэскпорт» кәсіпорыны таратқан мәлімдемеде «реактор ең аз жүктемемен жұмыс істеп тұрғандықтан оның қорғаныс жүйесінің жай-күйін тексеруге мүмкіндік бар» деп айтылған.

АҚШ пен оның кейбір одақтастары Бушер АЭС-ін Иранның ядролық қару жасау бағдарламасымен байланыстырады. Алайда Теһран ол пікірді жоққа шығарумен келеді.
XS
SM
MD
LG