Accessibility links

Барак Обама көші-қон туралы заңнаманы реформалауға шақырды


АҚШ-тың иммиграция туралы заңнамасына реформа жасауды талап етушілер шеруі. Лос-Анжелес, 16 тамыз 2010 жыл.

АҚШ-тың иммиграция туралы заңнамасына реформа жасауды талап етушілер шеруі. Лос-Анжелес, 16 тамыз 2010 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама иммиграцияға қатысты заңнамаға реформа жасауға шақырып, Конгресте бұл ұсынысқа қолдау танытпаған республикалық партияны сынға алды.

Обама АҚШ-тың Мексикамен шекаралас Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында сөйлеген сөзінде өз әкімшілігі шекараны нығайтып, заңсыз көші-қонмен күреске көп қаржы бөлгенін атап өтті. Сонымен бірге ол АҚШ-та шетелдіктердің арзан еңбек күшін қалыптастырып отырған «қара базарды» жойып, елдегі иммигранттарды заңдастырудың тетіктерін әзірлеуге шақырды.

Кейбір деректер бойынша, қазір АҚШ-та 10 миллионнан астам иммигрант заңсыз тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG