Accessibility links

Джулиан Ассанж «Сидней бейбітшілік сыйлығын» алды


Джулиан Ассанж өзіне берілген «Сидней бейбітшілік сыйлығы» медалін көрсетіп тұр. Лондон, 10 мамыр 2011 жыл.

Джулиан Ассанж өзіне берілген «Сидней бейбітшілік сыйлығы» медалін көрсетіп тұр. Лондон, 10 мамыр 2011 жыл.

Австралиядағы «Сидней бейбітшілік қоры» осы елдің азаматы, «Уикиликс» интернет сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды «құқық қорғау саласындағы қызметі» үшін «Сидней бейбітшілік сыйлығымен» марапаттады.

Сыйлықты табыс ету рәсімі Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтті.

«Сидней бейбітшілік қоры» Ассанждың «саяси саладағы ғасырлар бойғы қалыптасқан құпиялылықты шайқалтып, азаматтардың ақпарат алу еркіндігін қорғаудағы қызметін» атап көрсеткен.

Бұған дейін осы сыйлық Оңтүстік Африканың қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Мандела, Тибеттің рухани көсемі Далай Лама және жапондық Дайсаку Икеда сияқты қайраткер тұлғаларға берілген.

«Уикиликс» сайты былтыр АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігінің мыңдаған құпия құжаттарын жариялаған еді. Швеция билігі «әйел зорлаған» деген айып бойынша Джулиан Ассанжға қарсы қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG