Accessibility links

Ауғанстандық полицейлер тәліптер шабуылының бетін тойтарды


Ауғанстанның шығысындағы Нуристан провинциясында бүлікшілердің үлкен тобы полиция базасына шабуыл жасаған.

Провинциядағы полиция бастығының айтуынша, шабуылға автомат және гранатаметпен қаруланған 400-дей адам қатысқан. Полиция қызметкерлері төрт бақылау-өткізу бекетіне жасалған шабуылды тойтарып, база аумағына бүлікшілердің басып кіруіне жол бермеген деп хабарланды. Екі жақтан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірше ақпарат жоқ.

Бұл шабуылдың жауапкершілігін тәліптер өз мойнына алды. Бұл - олардың өткен аптада Қандағарға жасаған шабуылынан кейінгі екінші үлкен әрекеті.
XS
SM
MD
LG