Accessibility links

Тунисте полиция 200-ге жуық адамды ұстады


Тунис астанасында наразылық шеруінің соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, полиция 200-ге жуық адамды қамауға алды.

Ұсталғандарға қарсы бұзақылық жасап, ұрлық істеген, сонымен бірге жақында ғана ел астанасында енгізілген коменданттық сағат тәртібін бұзып, полицияға бағынбаған деген айыптар тағылып отыр. Коменданттық сағат соңғы кездері жиілеп кеткен зорлық-зомбылық қылмыстарын ауыздықтау мақсатында енгізілген еді.

Наразылық акциясына шыққандар қаңтар айында Тунисте президент Бен Әли қызметтен қуылған соң билік басына келген уақытша үкімет демократияның өркендеуіне тұсау салып, елге қайтадан авторитарлық жүйенің қамытын кигізуге әрекет жасайды деп қауіптенеді. Олар премьер-министр Беджи Каид Себсидің қызметтен кетуін талап еткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG