Accessibility links

Қырғызстанда түрік журналисі тұтқындалды


Қырғызстан исламшыл лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен түрік журналисін қамауға алғанын хабарлады.

Қырғызстан қауіпсіздік қызметтерінің мәліметінше, Әли Осман Зор - Таяу Шығыста халифат құруды көздейтін "Ұлы шығыс исламшыл рейдерлері майданының" мүшесі. Бүгін ғана мәлім болғандай, Зор Түркияның өтініші бойынша мамырдың 2-сінде тұтқындалған.

Өткен жылы Қырғызстанға барған Зор Түркияның бұқаралық ақпарат құралында жұмыс істеп, Бішкектен саяси баспана сұраған. Журналист Түркия үкіметін құлатуға шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG