Accessibility links

Мюнхен соты бүгін Иван Демьянюкке үкім шығарады


Иван Демьянюк сот залында. Мюнхен, 3 мамыр 2011 жыл.

Иван Демьянюк сот залында. Мюнхен, 3 мамыр 2011 жыл.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер жаулап алған Польшадағы Собибор концлагерінде 28 мың тұтқынды өлтіруге қолғабыс еткен деген айып тағылған Иван Демьянюкке бүгін Мюнхен соты үкім шығаруы тиіс.

Айыптаушы тарап Украинада туып-өскен Иван (Джон) Демьянюктің соғыс кезінде нацистердің қолына түскен соң өз еркімен тұтқындар лагерінде күзетші болғаны сот процесі кезінде дәлелденді деп санайды.

Прокурор соттан 91 жастағы Демьянюкті алты жылға бас еркіндігінен айыруды сұрады.

Ал айыпкердің қорғаушылары Демьянюк лагерьде күзетші емес, өзі де тұтқын болғаны себепті кінәсі жоқ дегенді алға тартады.
XS
SM
MD
LG