Accessibility links

Қырғызстанда журналист соққыға жығылды


Қырғызстандағы "Бесінші телеарна" журналисі Самат Асиповты сәрсенбінің кешінде белгісіз біреулер сабап кеткен.

Журналист жұмыс істейтін телеарнаның айтуынша, бейтаныс үш адам Самат Асиповты Бішкектегі үйінің маңында соққыға жыққан.

Әріптестері бұл оқиға маңызды қоғамдық-саяси тақырыптарға хабар дайындаған Самат Асиповтың кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG