Accessibility links

Сараптама табылған мәйіттің Теслюктың қызы екенін растады


Виктория Теслюктың жоғалып кеткені туралы хабарлама.
Виктория Теслюктың жоғалып кеткені туралы хабарлама.
Ресей тергеу комитеті «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы «Арман» біріккен кәсіпорнының басшысы Роберт Теслюктың қызы Викторияның қаза болғаны анықталды деп хабарлады.

Өткен аптада Мәскеу түбінде жол бойынан табылған мәйітке жасалған сот-генетикалық сараптама қорытындысында осындай тұжырым жасалған.

Он алты жастағы Виктория Теслюк наурыз айының соңында Мәскеу облысы Мытищинский ауданында жоғалып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG