Accessibility links

Саясаткер Ньют Гингрич АҚШ президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді


АҚШ Конгресі өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының бұрынғы спикері, республикалық партия қайраткерлерінің бірі Ньют Гингрич АҚШ-та келер жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.

67 жастағы Гингричтың бұл туралы видеомәлімдемесі сәрсенбі күні интернетте YouTube сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақ үйдің қазіргі басшысы Барак Обаманың 2012 жылғы президент сайлауына қатысатыны туралы ақпарат оның ресми сайтында сәуір айының басында жарияланған еді.

Ньют Гингрич - алдағы президент сайлауында республикалық партиядан Обамаға бәсекелес болатынын ресми мәлімдеген алғашқы саясаткер.

АҚШ-та кезекті президент сайлауы 2012 жылы қарашаның 6-сы күні өтеді.
XS
SM
MD
LG