Accessibility links

Муаммар Каддафи сәуірдің соңынан бері алғаш рет жұртқа көрінді


Ливия көтерілісшілері Мисурата қаласындағы әуежай маңын күзетіп тұр. 11 мамыр 2011 жыл.
Ливия көтерілісшілері Мисурата қаласындағы әуежай маңын күзетіп тұр. 11 мамыр 2011 жыл.
Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің бейнесі сәрсенбі күні Ливияның ұлттық телеарнасынан аз ғана уақыт көрсетілді. Ол мейманханада қауіпсіздік күштері жетекшілерімен кездесті деп хабарланды.

Триполидегі резиденциясына сәуірдің 30-ы күні НАТО әуе күштері соққы бергеннен бері жұрт Каддафиден көз жазып қалған еді.

Сәрсенбі күні Ливия көтерілісшілері үкімет әскерін ығыстырып, Мисурата қаласының әуежайын қайтадан бақылауға алғандарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG