Accessibility links

Йеменде қауіпсіздік күштерінің іс-қимылы тоғыз адамды мерт еткен


Адамдар үкіметке қарсы шеруде жараланғандардың бірін көтеріп әкеле жатыр. Йемен, Сана, 11 мамыр 2011 жыл.

Адамдар үкіметке қарсы шеруде жараланғандардың бірін көтеріп әкеле жатыр. Йемен, Сана, 11 мамыр 2011 жыл.

Йеменде сәрсенбі күні президент Әли Абдолла Салехқа қарсы наразылық шеруін күшпен тарату кезінде кемінде 9 кісі қаза болып, ондаған адам жараланған.

Ел астанасы Сана қаласында қауіпсіздік күштері үкімет ғимаратына беттеген топқа оқ атып 1 адамды өлтірген. Ал сәрсенбінің кешінде оппозицияның құрып қойған шатырларына жасалған шабуыл кезінде тағы 5 адам қаза болған.

Сол сияқты Таиз және әл-Худайда қалаларында болған қақтығыстар салдарынан 3 кісі көз жұмған.

Йеменде президент Салехтің биліктен кетуін талап еткен наразылық шерулері қаңтар айынан бері жалғасып жатыр. Бірақ Салех ол талапты орындаудан бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG