Accessibility links

Пәкістан мен Ресей президенттері Мәскеуде кездеседі


Пәкістан жетекшісі Асиф Али Зардари мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Сочидегі кездесуі. 18 тамыз 2010 жыл.
Пәкістан жетекшісі Асиф Али Зардари мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Сочидегі кездесуі. 18 тамыз 2010 жыл.
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари бүгін Мәскеуде ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездеседі.

Кремльдің хабарлауынша, келіссөздер барысында лаңкестікке қарсы күрес пен есірткі тасымалының алдын алу мәселесі көтеріледі. Сонымен қатар Түркіменстаннан Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үндістанға өтетін газ құбыры жобасына қатысты Ресейдің ролі талқыланады.

Сәрсенбі күні Ресейге барған Зардаридің сапары төрт күнге жалғасады.
XS
SM
MD
LG