Accessibility links

Алматыда баланы қағып кеткен дипломатқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған


Қазақстандағы Ресей елшілігінің вебсайтынан алынған сурет. 12 мамыр 2011 жыл.
Қазақстандағы Ресей елшілігінің вебсайтынан алынған сурет. 12 мамыр 2011 жыл.
Алматыда 4 жасар қызды электромобильмен қағып кеткен ресейлік дипломатқа қатысты тергеу алдындағы тексеру жұмысы жүріп жатыр.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Қазақстандағы Ресей консулдығының кеңесші-консулы Андрей Мамаевқа қатысты қылмыстық істің әзірше қозғалмағанын айтқан.

Мамырдың 1-де Мамаев Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында 4 жасар қызды қағып кеткен болатын. Нәтижесінде әлгі қыз ауыр жарақатпен балалар ауруханасының реанимациялық бөліміне түскен еді.

Қазақстандағы Ресей елшілігі болған оқиғаны растап, қыздың отбасына көңіл білдірді. Хабарларға қарағанда, Мамаев жараланған қыздың емделуіне 15 мың тенге берген.
XS
SM
MD
LG