Accessibility links

Қарағанды облысында мұсылман қабірлері қиратылды


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Қарағанды облысының Ақтау елді мекенінде мұсылмандар қабірлері қиратылған.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне облыстық ішкі істер министрлігі департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков хабарлады. Оның айтуынша, 18 қабірдің үстіндегі ескерткіштер талқандалған. Мамырдың 10-дағы вандализм фактілері туралы полицияға жергілікті мешіттің имамы хабарлады дейді Сембеков.

Полицияның мәлімдеуінше, Ақтау елді мекеніндегі оқиғаға қатысты тергеу алдындағы тексеру жүріп жатыр, күдіктілер әлі ұсталмаған.
XS
SM
MD
LG