Accessibility links

Бин Ладен АҚШ-қа ірі шабуыл жасауды ойластырған


Усама бин Ладен
Усама бин Ладен
"Әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладен Таяу Шығыстан АҚШ-ты шығару үшін қанша америкалықтың қаза болуы керектігін есептеген. Бұл туралы бин Ладеннің жазуларын зерттеп жатқан АҚШ ресми өкілдері хабарлады.

Мамырдың 2-де Пәкістанда АҚШ күштері Бин Ладенді өлтірген соң оның жазуларын тауып алып, оларды зерттеу үшін АҚШ-қа әкеткен еді.

Атын атағысы келмеген ресми өкілдердің айтуынша, Абботтабадтағы үйде 5 компьютер, мәліметтерді сақтайтын 100-ге жуық флэш-дисктер және бин Ладеннің күнделігі табылған.

Ресми өкілдердің айтуынша, бин Ладен өзінің қолдаушыларына 2001 жылдың қыркүйек айындағыдай ірі шабуыл ғана АҚШ-ты Таяу Шығыстағы саясатын қайта қарауға мәжбүрлейді деп айтқан.
XS
SM
MD
LG