Accessibility links

Кім тойып секіреді, кім тоңып секіреді?


Думан-1 ықшамауданының тұрғындары наразылық жиынында. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл

Думан-1 ықшамауданының тұрғындары наразылық жиынында. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл

Қазақстанның шетелдегі дипломаттары «психикалық күйзеліс жағдайында» ұшақты басып алуға әрекет жасаса, тұрмыс тауқыметі мен баспана зарын шеккен Думан шағын ауданындағы қазақ жұрты кең байтақ Қазақстанның ең болмаса ұлтарақтай жерін басып алып, әупірім тәңірмен бір лашық тұрғызып алғысы келді.


Парижден Римге қарай бағыт алған ұшақты басқа жаққа бұрып алып кетпекші болған қазақстандық дипломат Толмачевті ақын Олжастан бастап, Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өзі ол (Толмачев ) «күйзелісті жағдайда болған, дәрігерлердің денсаулығына қатысты қойған диагнозынан кейін, шақшадай басы шарадай болып, оғаш әрекетке барыпты» деп, құдды бір жас баланың абайсызда жасап қойған өрескел мінезі үшін кешірім сұрағандай болып, ақтап алуға тырысып жатыр.

Ал жергілікті атқамінерлер тұрмыс тауқыметін тартып, күйзеліске ұшырағандықтан басқа амалдары жоқ, шарасыздықтан жер басып алмақшы болған қазақ жұртының алдын соққыға жығып, енді біразын түрмеге қамап, әкімшілік жазаға да тартып тастады.

Бірақ оларды «күйзелісті жағдайдан осындай қадамға барды» деп шырылдап, қорғаштаған ешкім шықпады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG