Accessibility links

Жапония "Хамаока" АЭС-нің жұмысын тоқтатуға кірісті


Жапониядағы "Хамаока" атом электр станциясы.

Жапониядағы "Хамаока" атом электр станциясы.

Бүгін Жапония "Хамаока" атом электр станциясындағы реакторлардың жұмысын тоқтатуға кірісті.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан бұл АЭС-те істеп тұрған екі реактордың біріне оның жұмысын біртіндеп бәсеңдетіп барып тоқтататын арнайы құрылғылар енгізілді. Ертең дәл осындай әдіспен екінші реактордың да жұмысын тоқтату басталады.

Өткен аптада жапоны премьер-министрі Наото Кан осы АЭС-ті тоқтатуға шақырған еді.

Бұдан екі ай бұрын зілзала мен цунами салдарынан Жапониядағы "Фукусима-Дайичи" атом электр станциясында үлкен апат болды.
XS
SM
MD
LG