Accessibility links

Түркіменстанда бүгін Бисенғұл Бегдесіновтің соты басталады


Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Бүгін Ашғабадтың Копетдаг аудандық сотында Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесіновке қарсы сот басталады. Бұл туралы мамырдың 13-і күні Азаттық радиосына Бегдесіновтің адвокаты Байрам Назармедов хабарлады.

"Оған екі бап бойынша: "алаяқтық" және "пара беруге қатысқан" деген айыптар тағылып отыр" деп хабарлады адвокат Назармедов.

Бұған дейін Азаттық радиосына Бисенғұл Бегдесіновтің Қазақстанда тұратын ұлы Әлібек "түркімен соты әкемді 15 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін" деген еді.

Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов Ашғабадта сәуірдің 11-і күні қамауға алынған. Сол күні түркімен ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері Бегдесіновтың үйіне тінту жүргізіп, құжаттары мен компьютерін алып кеткен.

Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Уотч") ұйымы Түркіменстандағы саяси тұтқындардың қатарында Бисенғұл Бегдесіновті де атап, халықаралық қауымдастықты түркімен билігінен оны босатуды талап етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG