Accessibility links

Amnesty International Қазақстан алған міндеттемесін орындамай отыр деді


Amnesty International ұйымы «Әлемдегі адам құқықтарының жағдайына арналған есебінде, 157 елдегі адам құқығы, сөз еркіндігі және қамаудағылардың азапталғаны мен әділетсіз сот отырыстары жағдайын зерттеген.

Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстан елдеріндегі мыңдаған адамның түрмеге жабылып, азапталып қаза тапқаны жайлы айтылған.

Мамырдың 13-де жарияланған баяндамаға қарағанда, Қазақстан билік орындары БҰҰ-ның қинап-азаптауға қарсы конвенциясындағы міндеттемелерін толық орындай алмаған. Қазақстанда қинап-азаптау оқиғалары жалғасып жатыр деп көрсетілген.

Адам құқын қорғаушы ұйымның есебінде, Қазақстанның Қытай мен Өзбекстанға босқындарды күштеп қайтарғаны үшін билік орындары сынға алынған. Билік орындары қинап-азаптаудың алдын алу үшін бірқатар шараларды қолға алғанымен, елдегі жағдай жақсармай отыр делінген баяндамада.
XS
SM
MD
LG