Accessibility links

Үндістан премьері Ауғанстанда терроризм тұтанбауы тиіс деді


Үндістан премьері Манмохан Сингх Ауғанстан парламенттінде сөз алды. 13 мамыр. 2011 жыл
Үндістан премьері Манмохан Сингх Ауғанстан парламенттінде сөз алды. 13 мамыр. 2011 жыл
Ауғанстанға барған Үндістан премьер-министрі экстремизм мен терроризм оты Ауғанстанда тұтанбауы керек деді. Үндістан үкімет басшысы Манмохан Сингх жұма күні ауған парламентінде сөйлеген сөзінде, елді қайта құру істеріне оның әсері болмауы тиіс деді.

Және ол Үндістан Ауғанстанды тұрақты, бейбіт және тәуелсіз көршісі ретінде қарастырып отырғанын айтты. Үндістан өзінің бәсекелес елі Пәкістанмен қатар Ауғанстанға ықпалын арттырғысы келеді.

Үндістан Ауғанстанға көмек беріп отырған жетекші елдердің бірі. Талибан режимі құлаған 2001 жылдан бері үнді үкіметі Ауғанстанды қайта қалпына келтіруге 1,3 миллиард доллар жұмсады. Манмохан Сингх өз елі алдағы жылдарға Ауғанстанға тағы 500 миллион доллар көмек беретінін айтты.
XS
SM
MD
LG