Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстар құрбаны 80-ге жетті


 Шабқадардағы әскер жарылыс құрбандарын жинап жатыр. 13 мамыр. 2011 жыл

Шабқадардағы әскер жарылыс құрбандарын жинап жатыр. 13 мамыр. 2011 жыл

Пәкістанның әскери жаттығу орталығында болған екі бірдей жанкештілік жарылыс 80 адамның өмірін әкетті.

Шабқадар қаласындағы жартылай әскерилер орталығына жасалған шабуылдан тағы ондаған адам жараланған. Құрбандардың көпшілігі әскерге жаңадан алынғандар болды. Оқиға орнында болған жартылай әскери Абдул Вахид Шахтың айтуынша:

"Мен қақпада тұрған әріптестерімді көріп, ішке кіргенімде жарылыс болды. Мен атып шығып, қаза тапқан және жараланғандарды жинай бастадық. Біз оларды ауруханаға жеткізіп, оларға өз қанымызды бердік".

Екі жарылысқа да жауапкершілікті пәкістандық талибандар алып, бұл әл-Қаида жетекшісі Усама бин Ладеннің өлімі үшін кек қайтару деген. Бин Ладенді мамырдың 2-і күні Пәкістанда АҚШ арнайы күштері өлтірген.
XS
SM
MD
LG