Accessibility links

Украина чехиялық 2 дипломатты елден шығарды


Украина Сыртқы істер министрлігінің ғимараты, Киев.
Украина Сыртқы істер министрлігінің ғимараты, Киев.
Киев Чехия елшілігінің әскери бөлімдегі екі қызметкерін елден шығарғанын мәлімдеді. Украина чех дипломаттары өз мандаттарын пайдаланып, Украинаның мемлекеттік құпиясы болып есептелетін ақпараттар жинаған деп отыр.

Украина Сыртқы істер министрлігі өздерінің шешімдері туралы Прагаға хабарламасын Киевтегі елшілік істерімен айналысатын өкілі Витеслав Пивонкаға тапсырған.

Чехия қаңтар айында Украинада қызметін асыра пайдаланды деген айыппен іздеуде жүрген бұрынғы министр Богдан Данилишинге саяси баспана беріп, Киевті ашуландырып алған.
XS
SM
MD
LG