Accessibility links

Түркіменстандағы қазақ диаспорасы басшысы Бегдесінов босатылды


Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Ашғабатта қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесіновтің соты аяқталып, оған шартты жаза кесілді. Бұл туралы жұма күні Азаттық радиосына хабарлаған Бегдесіновтің өзі журналистердің қолдауының арқасында шықтым деді.

Жұма күні түстен кейін Түркіменстандағы қазақ диаспорасының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов Ашғабаттың Копетдағ аудандық сотында өзіне тағылған айыптардың бірі бойынша шартты түрдегі жазамен босатылған.

Оның алдында Бегдесіновтың адвокаты Байрам Назармедов оған екі бап бойынша "алаяқтық" және "пара беруге қатысқан" деген айыптар тағылып отыр деген.

"Сіздердің қолдауларыңызға рақмет. Бізде бәрі тыңдалады ғой. Азаттықты көп жақтыра бермейді. Өзіңіз де түсінесіз... Мен өзіме тағылған айыптардың бүге-шүгесін де түсінбей қалдым. Бар ойым үйге жету болды... Бір-екі айыпты алып тастады. Соттан қағаздарымды енді аламын. Сосын бәрі белгілі болады" деді Бисенғұл Бегдесінов Азаттық радиосының тілшісіне.

Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов Ашғабатта сәуірдің 11-і күні қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG