Accessibility links

Қырғызстан Артықбаевты Қазақстанға тапсырды деп хабарланды


Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев.
Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев.
Қырғызстан билігі Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаевты Қазақстанның қаржы полициясына тапсырды деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Іздеу салынған Артықбаев мамырдың 11-де Қырғызстанда ұсталған делінеді.

Осы айдың басында Қазақстан қаржы полициясы Қытаймен арадағы шекарада «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын» хабарлаған еді. Олардың арасында Ақмола облысы ҰҚК департаменті бастығының орынбасары, «Қорғас» кеден бекетінің басшысы да бар.

Осыдан кейін Қазақстан кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен босатылды.
XS
SM
MD
LG