Accessibility links

АҚШ Ливияның ұлттық өтпелі кеңесін мойындамады


АҚШ ливиялық көтерілісшілердің қозғалысын елдің заңды үкіметі деп мойындамады.

Көтерілісшілердің Ұлттық өтпелі кеңесі басқарауындағы екінші адам Махмуд Жибрил жұма күні Ақ үйде президент Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Том Донилонмен кездесті.

Донилон кеңестің дипломатиялық түрде мойындалуы мәселесі талқыланғанын растады.

"Әрине бұл мәселе талқыланды. Ұлттық өтпелі кеңесі Ливия халқының сенімді және заңды байланыс әңгімелесушісі деп ойлаймыз. Оларды мойындау мәселесі - қарастырылып жатқан көптеген саяси сауалдардың бірі", - деді Донилон.

Муаммар Каддафиді биліктен кетіруді көздейтін ливиялық көтерілісшілерге НАТО-ның көмектесіп жатқаны белгілі.
XS
SM
MD
LG