Accessibility links

Пәкістан АҚШ-қа ескерту жасады


АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшағы. Көрнекі сурет
АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшағы. Көрнекі сурет
Пәкістан парламенті өз жерінде пилотсыз басқарылатын АҚШ ұшақтарының шабуылдарын тоқтатуды талап етіп, Усама бин Ладенді өлтірген америкалық күштердің рейдіне қатысты тәуелсіз түрде тергеу жүргізуге шақырды.

Парламенттің сенбі күнгі қарарында пилотсыз басқарылатын ұшақтардың шабуылдары доғарылуы тиіс немесе үкімет НАТО көліктері өтетін транзит бекеттерін жабуға мәжбүр болуы мүмкін деп ескертілен.

Ауғанстандағы шетелдік күштерге арналған жүк көліктерінің басым бөлігі Пәкістан арқылы өтеді. Пәкістанда НАТО көліктеріне жиі шабуыл жасалады.

"Әл-Қаида" жетекшісі бин Ладен мамырдың 2-де Пәкістанда өлтірілген болатын.

"Франц-Пресс" агеттігінің мәліметінше, өткен жылы АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшақтары арқылы жасалған шабуылдарда Пәкістанда 670-тен астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG