Accessibility links

Каирде сектанттық негіздегі қақтығыс болды


Египет астанасы Каирде сектанттық негіздегі қақтығыстар барысында кемінде 50 адам жараланды. Бұл туралы жексенбі күні денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілдері хабарлады.

Каир орталығында мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыс сенбі күні болған. Өткен аптада осындай қақтығыс барысында 15 адам қаза тапқан еді.

Осыдан бірнеше ай бұрын елдегі жаппай наразылық шараларына байланысты бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетуге мәжбүр болған еді.
XS
SM
MD
LG