Accessibility links

Тәжікстанда "Өзбекстан ислам қозғалысының" мүшесі өлтірілді


Түрмеден қашып кеткен тұтқындардың бірі Жұма Иброхимов.

Түрмеден қашып кеткен тұтқындардың бірі Жұма Иброхимов.

Тәжікстан қауіпсіздік күштері түрмеден қашқан бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады.

Ішкі істер министрлігі ресми өкілдерінің айтуынша, Жұма Иброхимов сенбі күні Рашт жазығындағы арнайы операция барысында өлтірілген.

Лаңкестік «Өзбекстан ислам қозғалысының» мүшесі деген айыппен қамалған Иброхимов өткен жылдың тамыз айында 25 тұтқынмен бірге түрмеден қашып кеткен болатын. Тәжікстан үкіметі тұтқындардың басым бөлігін қайта ұстағанын немесе өлтіргенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG